Әйел шаурманың ішінен адам саусағын тауып алды

Манхэттен қаласының тұрғыны Мэри Элизабет Смит мейрамханадан алған шаурмасының ішінен адам саусағының ұшын тапқанын айтып, бұл оқиға өзіне ауыр психологиялық жара салғанын хабарлады. Бұл туралы NDTV жазады.
Әйелдің айтуынша, ол бұл мекемеге аптасына кемінде екі рет тұрақты түрде барып тұрған. Кезекті тапсырысын алған күні Смит орамды тістеген сәтте «қатты әрі оғаш» нәрсені сезген. Ауызынан шығарып қарағанда, тырнағы бар адам саусағының ұшын көрген.
«Бұл сұмдық жағдай болды. Ол бірден бәрін түкіріп тастады, содан кейін ұзақ уақыт өз-өзіне келе алмады», – деді әйелдің адвокаты Роберт Менна.
Заңгердің айтуынша, табылған бөлік сараптамаға жіберіліп, зертхана оның шынымен әйел адамның саусағы екенін растаған. Осыдан кейін Смитке гепатит пен ВИЧ жұқтыру қаупін болдырмау үшін антиретровирустық терапия курсын өтуге тура келген.
Ал мейрамхана иесі Тедди Карагианнис барлық айыптауларды жоққа шығарып отыр.
Соңғы жаңалықтар





