Әйел жүктілігін білмей, көлік тұрағында босанып қалды
Польшаның Войковице қаласында 38 жастағы әйел жүктілігін мүлде байқамай, аяқасты босанып қалды. Бұл туралы Super Express News хабарлады.
Кейінгі кездері ішінің қатты ауруы мен қынаптан қан кетуіне байланысты жедел жәрдем қызметіне қоңырау түскен. Оқиға орнына бірден екі жедел жәрдем тобы мен арнайы медициналық көлік жіберілді.
Алайда дәрігерлер келгенше әйел сәбиді дүниеге әкеліп үлгерген. Қыз бала жарық дүние есігін ашты. Анасы оқиғаға таңданысын жасыра алмай, өзінде жүктілік болғанын мүлде білмегенін айтқан.
Нәресте мерзімінен бұрын туғандықтан, неонатология бөліміне жеткізілді. Ал анасы Семяновице-Слёнск қаласындағы ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы қадағалануда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...