Әйелді баспалдақтан итерген Амантай қажы екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Әйелді баспалдақтан итерген Амантай қажы екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
05.08.2025 09:36
0
493
UGC

Алматыда 83 жастағы қоғам қайраткері Амантай қажыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол әйел адамды баспалдақтан итеріп жіберді деген күдікке ілінді. Бұл туралы POLITICO.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетейік, шілде айында әлеуметтік желілерде видеожазба тараған болатын. Онда, пайдаланушылардың айтуынша, антиядролық қозғалыстың белсендісі, қоғам қайраткері Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жібергені бейнеленген.

Қандай бап бойынша іс қозғалды?

Алматы қалалық Полиция департаменті Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап ретінде келесіні хабарлады:

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 107-бабы – “Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс шеңберінде кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, олардың нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», – делінген Алматы ПД жауабында.

Қандай жаза қарастырылған?

Аталған бапқа сәйкес, кінәсі дәлелденген жағдайда, заңда 1 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (2025 жылы бұл шамамен 3 932 000 теңге) айыппұл салу, не түзету жұмыстарына тарту, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа міндеттеу, не болмаса екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий