"Әйелдік энергиясы мықты". Психолог Ерке Есмаханның сырын ашты

Әлеуметтік желіде эстрада әншілері Raim мен Ерке Есмахан жайында пікірлер тағы да қақ жарылды. Психолог Найля Кусаинова жұлдызды жұптың отбасылық бақытының сыры неде екенін айтты.
Райм мен Еркенің үйлену тойы қызу талқыға түскен еді. Қазір ерлі-зайыпты екінші сәбидің дүниеге келуін күтіп жүр.
«Ерке Есмахан күйеуінен 12 жас үлкен болғанына қарамастан үнемі бойынан әйелге тән нәзіктік байқалады және сүйікті жар болып отыр. Енді талдайық. Концерттердің бірінде ол сахнаға үлкен қызыл худи киіп шықты. Біреулер оның киімі картоп салатын қапқа ұқсайтынын айтуы мүмкін. Алайда ол сахнаға шыққан сәттен, бәрінің назарын өзіне аудартады. Адамдар оған тамсана қарайды. Өйткені сұлулық киімде емес. Ерке өз-өзіне сенімді, әйелдік энергиясы мықты. Әнші өзіне, өзі ісіне және күйеуіне деген махаббаттан жарқырап жүр. Райм да оғам махаббетпен, ханшайымға қарағандай қарады», - дейді психолог.
Соңғы жаңалықтар





