"Әйелі екіқабат екен": Амилай қарым-қатынас құрған еркек туралы бар шындықты айтты

Трансгендер Амилай қарым-қатынас құрып жүрген ер адамның кім екенін мәлімдеді.
Ол өзіне төнген қауіп туралы, елден кететіні жайлы да айтқан еді.
"Бұл адаммен мен 2024 жылы қараша айында таныстым! Басында барлық қарым-қатынастағыдай әдемі ертегідей басталды. Гүлдер, сыйлықтар, кездесулер тіпті бірге де тұрдық. Араға бір ай салып кішкене өзгергендей боп көрінді, сөйлесейік десем ұрыс-қырылыс ылғи. Содан кейін телефон тексеру, үйден шығармау, шыққан жерімнен машина жіберу, үйге апару, өзімді кінәлап сен соған жеткіздің деп ұрып-соғып қысым көрсете бастады.Сонда көніп жүрдім. Ұсталған жері - телефонда фотоны ауыстырып үлгермегені. Ажырасқам 2 жыл бұрын, үш балам бар деген адамның 3 баласы, екіқабат әйелі барын білдім. Ешқандай әйелдің басына сондай оңбаған күйеуді бермесін. Сол үшін де қырылдық, айырылысатын болып шешім қабылдадым! Ол шешіміме келіспей, әйел бала-шағаның жағдайларын ғана жасаймын, сенімен боламын деді. Екі ортада жүргісі келді. Мен де адаммын, қалай балаларының анасын, Құдай қосқан жарыңды алдайсың дегенде алған жауабым шапалақ болды", - деп жазды ол.
Сонымен қатар өзіне көрсетілген қысым тоқтамаса бейтаныс еркектің аты-жөнін жариялайтынын да ескертті.
Соңғы жаңалықтар





