"Әйеліме тиіспеңіздерші": Желіде жеке видеосы тараған асаба халыққа өтініш айтты

29.04.2026 12:27 Мөлдір Қайнар
178
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда «Хан» атымен танымал асаба әлеуметтік желілерде тараған интимдік видеоға байланысты алғаш рет пікір білдіріп, отбасына жасалып жатқан қысым туралы айтты, деп хабарлайды Politico kz.

Оның сөзінше, ең алдымен жұбайына бағытталған жағымсыз пікірлерді тоқтатуды сұрады. Айтуынша, бұл жағдай әйеліне ауыр тиіп отыр.

«Қазір әйеліме өте қиын. Егер сын айтқыңыз келсе — маған айтыңыздар. Мен көтеремін. Өтінемін, оны қозғамаңыздар. Оның еш кінәсі жоқ», — деді ол.

Сондай-ақ асаба анасының келініне деген көзқарасы өзгермегенін, отбасында өзара түсіністік сақталғанын атап өтті.

Ол жалған ақпаратқа сенбеуге шақырып, өзіне бағытталған сынға жауап берді. Айтуынша, ол бар жетістікке өз еңбегімен жеткен.

«Мен бәріне өзім жеттім. Ауылда өстім, түрлі жұмыстар істедім. Қазір Instagram арқылы табыс тауып, отбасымды асырап отырмын», — деді асаба.

Ал көшу мәселесіне қатысты нақты жауап бермей, алдымен жағдайды толық шешіп алу керегін айтты.

«Бәрі мүмкін. Бірақ алдымен бұл істі соңына дейін жеткізу керек», — деп түйіндеді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий