Әйелін іздеген ер адам Ақтауда дүкенді тас-талқан етті

20.03.2026 21:52 Қарақат АСЫЛОВА
Әйелін іздеген ер адам Ақтауда дүкенді тас-талқан етті
254
Ер адам үстелді басымен сындырды

Ақтау қаласында кондитерлік дүкендердің бірінде жағымсыз оқиға болды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Lada.kz сілтемемен.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның агрессивті әрекет жасап, дүкен ішіндегі жиһаздарды сындырғаны көрінеді.

Оқиға 19 наурыз күні шамамен сағат 16:35-те 34-шағынауданда орналасқан кондитерлік дүкенде болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам айқайлап, өзін ұстай алмай, тіпті үстелді басымен ұрып сындырған. Болжам бойынша, ол дүкеннен жұбайын іздеген.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзып, өзін әдепсіз ұстағанын анықтаған. Сондай-ақ ол мекеменің мүлкіне зиян келтірген.

Дүкен әкімшілігі келтірілген шығын толық өтелгенін хабарлады және арыз жазудан бас тартқан. Құқық бұзушының жеке басы анықталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий