Аты аңызға айналған Чак Норрис қайтыс болды
86 жаста аты аңызға айналған америкалық актер әрі жекпе-жек шебері Чак Норрис өмірден өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы актердің отбасы әлеуметтік желілерде хабарлады. Жақындары оның жуырда ауруханаға түскенін айтып, жанкүйерлердің қолдауы мен дұғалары үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, олар қайғырып отырған осы сәтте отбасының жеке өміріне құрметпен қарауды сұрады.
Чак Норрис 1940 жылы 10 наурызда АҚШ-та дүниеге келген. Ол еңбек жолын каратэ нұсқаушысы ретінде бастап, жекпе-жек өнерінде үлкен жетістіктерге жетіп, көптеген атақтарға ие болды. Кейін өз мектептерін ашып, бұл салада да танымал тұлғаға айналды.
1970-жылдары киноға келіп, боевик жанрындағы фильмдер арқылы кеңінен танылды. Әсіресе, Крутой Уокер сериалы арқылы көрерменнің сүйікті кейіпкеріне айналып, әділдік үшін күресетін мықты батыр бейнесін қалыптастырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
09:22
«Деструктивті ұйымның ықпалында»: Нұртас Адамба...
11.11.2026
08:56
Оралда бұрынғы полицей пышақ жарақатын алды: по...
11.11.2026
08:18
Алматыда 12 жастағы баланы өлтірген оқушының ат...
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...