Әйелін ұрып-соққан әнші жүкті жарымен сотта татуласты

Әйелін ұрып-соққан әнші жүкті жарымен сотта татуласты
09.07.2025 18:26
0
101
Фото: әлеуметтік желі

Белдікпен сабап, бүкіл елді шулатқан жанжалдан кейін қазақстандық рэпер Qurt (Дамир Қойшыбаев) пен оның жүкті жары сотта татуласқаны белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жары Аружан Қойшыбаева күйеуінің өзіне белдікпен бір сағаттай күш көрсеткенін ашық жазып, денесіндегі көгерген іздердің суреттерін жариялап, қоғам назарын аудартқан еді.

Ол медициналық сараптама жасатып, полицияға арыз түсіретінін мәлімдеген болатын. Оқиға биыл 27 маусымда Астанада болған. Тұрмыстық жанжал кезінде күйеуі тарапынан күш көрсетілгенін айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген әйелдің өтініші бойынша іс сотқа жолданған.

Рэперге қатысты қорғау ұйғарымы шығарылып, іс қарауға қабылданған.

Алайда кейінірек ерлі-зайыптылардың сотта өзара келісімге келгені белгілі болды.

Осыдан кейін Аружан Қойшыбаева әлеуметтік желідегі зорлық туралы барлық жазбаларын өшіріп, күйеуімен түскен суреттерін қайта жүктеді. Полиция мәліметінше, жәбірленуші ресми түрде шағымынан бас тартқан.

Айта кетейік, бұл оқиға әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызған еді. Қоғам белсенділері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңның әлсіздігін тағы бір мәрте сынға алды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий