Әйгерім Қалаубаева танымал әншімен көзге түсіп, дау шығарды

17.12.2025 20:16 Берік Арманов Берік Арманов
Әйгерім Қалаубаева танымал әншімен көзге түсіп, дау шығарды
0
115
Коллаж: sn.kz

Әйгерім Қалаубаева әнші Авраам Руссомен көзге түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әйгерім Қалаубаева TikTok желісіне жүктеген видеода шетелдік әншінің сахнадан түсе сала оны құшақтап, бетінен сүйгені анық көрінеді. Осы сәт желі қолданушыларының назарын бірден аударды.

Бейнежазбаны көрген көпшілік әншінің жұбайы Нұрлан Әлімжанның қайда жүргенін сұрап, түрлі пікір қалдырған. Желіде «Нұрлан қызғанып қалатын шығар», «Нұрлан болса, бұлай сүйгізбес еді», «Нұрланды тастап кетпесе болды» деген сарындағы жазбалар жиі кездесті.

Өнер иелерінің бірге түскен видеосы желіде кеңінен тарап, қызу пікірталасқа себеп болды. Видео авторы кадр астына «Авраам Руссо Әйгерім Қалаубаеваға ғашық болып қалды» деген жазба қалдырған.

Пікір білдірушілер арасында бұл әрекетті қолдағандар да, сын айтқандар да бар. Кейбір қолданушылар «Қазақ қыздарына бүкіл әлем ғашық», «Ғашық болмау мүмкін емес» десе, енді бірі «Бөтен ер адам неге бетінен сүйеді?» деп наразылық білдірген.

Қазіргі таңда аталған видео әлеуметтік желілерде талқыланып, көпшіліктің назарынан түсер емес.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий