Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуімен бірге ұлының тойын дүркіретіп өткізді

27.06.2025 11:03 Мөлдір Талғат
Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуімен бірге ұлының тойын дүркіретіп өткізді
12060
ашық дереккөзден

 

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі, белгілі продюсер Сәбит Әбдіхалықовпен бірге ұлының үйлену тойын дүркіретіп атап өтті.

«Ал, достар, той басталды! Керемет кештің куәсі болыңыздар», – деп бөлісті Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тойдың басты безендіру элементтерінің бірі ретінде сахна төрінде ұлының, келінінің және олардың баласының есімдері жазылған. Желіде тараған бейнежазбадан бұл салтанатты шараға әншінің жақын туыстары, достары мен өнердегі әріптестері қатысқанын көруге болады.

Айрықша сәттердің бірі – Айгүл Иманбаеваның анасы, бұрынғы және қазіргі енесінің қатар тұрып, жас жұбайларға ақ тілектерін арнаған сәті болды.

Айгүл Иманбаеваның қазіргі жұбайы тойға қатыса алмағанымен, видеоқоңырау арқылы байланысып, жас отбасын қуанышымен құттықтады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий