"Айнаға қарауға болмайды": Тамара Асар танымал тележүргізушіге сұхбат берді

Танымал әнші Тамара Асар Дина Төлепбергенге эксклюзивті сұхбат беріп, айнаға жалаңаш күйде қарау туралы өз көзқарасын бөлісті.
Әншінің айтуынша, бұл тақырыпта қоғамда түрлі пікірлер қалыптасқан. Психологтар мұны адамның өзін-өзі қабылдауына көмектесетін терапия деп түсіндірсе, халық арасында керісінше сенімдер бар. Халықтық наным-сенімдерге сәйкес, айнаға жалаңаш қарау адамның періштесінен айырылуына себеп болуы мүмкін.
Тамара Асар бұл туралы өз ойын былай жеткізді:
«Айнаға қарауға болмайды деген халық сенімі бар. Ол жерде пері, ауру-сырқау бар делінген. Адамның көзінен асқан тойымсыз нәрсе жоқ. Адамның көзі тойымсыз келеді екен. Айнаға қарағанда өзінің періштесін ұшырып алады дейді. Өзінің көрінбейтін періштесі қорқып қашады екен. Енді ол наным, бірақ мен оған сенемін. Қатты айнаға қарап, өз-өзіне сүйсінетін адамдар жынынан айырылған бақсылар құсап, кейінгі өмірі оңбайды».
Әншінің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Кейбіреулер дәстүрлі наным-сенімдерді қолдаса, енді біреулері заманауи психология тұрғысынан қараудың маңызды екенін атап өтті.
Тамара Асардың бұл ойы қоғамда айнаға қатысты сенімдер мен қазіргі заманғы көзқарастардың өзара байланысын қайта қарауға түрткі болды.
Соңғы жаңалықтар





