"Айтатын уәжіміз көп": Ауыл адамдары облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтен көмек сұрады

24.07.2025 11:27
0
299
Сурет: Бейнеден кадр

Түрксіб ауыл адамдары облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтен көмек сұрады

Тараз қаласына қарасты Түрксіб ауылы тұрғындары биліктен назар күтуде. Олардың айтуынша, 21 ғасырда қарапайым инфрақұрылымдық жағдайлар жасалмаған.

Жергілікті халық қала әкімдігінен үміт үзе бастағанын айтады. Осы себепті олар Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевке тікелей үндеу жасап, ауылға келіп, проблемаларды өз көзімен көруді сұрады.

Түрксіб бұрын Жамбыл ауданының Бесағаш ауылдық округіне қараған. Қала кеңейген соң Тараз құрамына енгенімен, тұрғындар өздерін билік назарынан тыс қалғандай сезінеді.

"Ауылымыз естен шығып кеткен дүние сиқяты болып тұр", - дейді ауыл ақсақалы.

Ауыл халқы күн сайын полиция тірек пунктінің қасында жиналып, мәселелерін жеткізуге тырысып жүр. Негізгі түйткілдер ауыз судың жетіспеуі, көшелердің жарықтандырылмауы, жол сапасының нашарлығы және басқа инфрақұрылымдық проблемалар.

«Осы сөзімізді Қарашөкеев мырза, ер аға, ауылымызға Түрксіб ауылына келіп кетуіңізді сізден сұранамыз!» – дейді халық.

Дереккөз: HALYQSTAN

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий