"Айтбек пен Бишімбаевтың қосындысы": SayMo-ның «құпия жігіті» кім?

30.10.2025 18:37 Айсұлу Мұрат
0
120

Желіде соңғы күндері SayMo-ның жеке өміріне қатысты қызу талқылау жүріп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qirtosek Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көпшілік біраз уақыттан бері әншінің стористеріндегі «А» әрпімен белгіленген жұмбақ жігіттің кім екенін болжай алмай келген. Бұған дейін желі қолданушылары оны қоғам белсендісі Айтбек Амангелді деп ойлаған. Алайда шын мәнінде SayMo-ның «Масигі» — Абылай Ардақ есімді астаналық кәсіпкер болып шыққан.

Мәліметтерге сүйенсек, 31 жастағы Абылай — сантехника мен керамогранит өнімдерін сатумен айналысатын ірі трейдинг компаниясының иесі. Сонымен қатар ол тапсырыс бойынша жиһаз шығаратын жеке цехқа да ие.

Яғни, әншінің таңдауы бұл жолы шоу-бизнес өкіліне емес, бизнесменге түскен. Дегенмен, Qirtosek арнасы атап өткендей, жігіттің де өз «нюансы» бар — бұрынғы некесінен бес жасар ұлы бар екен.

Желі қолданушылары жігіттің суретін көріп, Қуандық Бишімбаев пен Айтбек Амангелдінің қосындысына ұқсайды екен деп жазып жатыр.

Айта кетейік, әнші жақында өзінің алғашқы үлкен жеке концертіне дайындалып жатыр. Ал тыңдармандар болса, сахнадан бөлек, оның махаббат хикаясына да қызығушылық танытып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий