Айтыскер Балғынбек Имашев пен ұлы бір топ адамды тақырға отырғызды

Айтыскер Балғынбек Имашев пен ұлы бір топ адамды тақырға отырғызды
13.06.2025 10:30
0
222
Фото: әлеуметтік желі

Айтыскер Балғынбек Имашевтың ұлынан қажылыққа жолдама сатып алдық деген тағы 40 адам полиция басқармасына барып шу шығарды, деп хабарлайды POLITOCO.KZ KTK арнасына сілтеме жасап. 

Сәуір айында Данияр Имашев алаяқтық фактісі бойынша тергеуге алынған еді. Ол «Qazaq Travel» компаниясының атқарушы директоры болып, Мәдина мен Меккеге 50 шақты адамды жібере алмай қалған. Қажылығы мен қаражатынан қағылған бір топ адам полицияға арыз жазды. Бұл іс аясында үш адам күдікті деп танылған, олардың қатарында компанияның бұрынғы атқарушы директоры Данияр Имашев та бар.

Енді еліміздің түкпір-түкпірінен келген тағы 40 шақты адам қаражатын қайтара алмай жүр. Олар полиция бөлімшесіне барып, тергеудің қалай жүріп жатқаны туралы сұрастырды. 

19 сәуірде ұшуым керек еді. Бірақ сол уақыттан бері ұшпадық және ақшамыз да қайтарылмады. Ең бірінші жұмаға дейін қайтарамыз деді. Кейін Құрбан айтқа дейін қайтарамыз деп уәде берді. Директоры Имашов Даниян деген жігіт», - дейді жәбірленуші Берік Маржанов.

Қажылыққа барамыз деп ниет еткендердің әрқайсысы 500 мың теңгеден төлеген. Сан соғып қалғандар Балғынбек Имашевтың жарнамасына алдандық деп отыр. Енді айтыскер де, ұлы да байланысқа шықпай отырған көрінеді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий