“Айыппұлмен құтылды”: Атырауда ер адам көшенің ортасында әйелін жантүршігерлік жағдайда ұрып тастады

Атыраудағы Балықшы шағын ауданында ер адамның қызды бірнеше рет ұрып, тепкен видеосы жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Видеода көрінгендей, жанжал кезінде ер адам қыздың басынан, бетінен соққы жасап, ішінен жұдырықпен қойып қалған. Сосын желкесінен ұстап, жұлқып, тебеді.
Бұған қатысты Атырау қаласы полиция басқармасы түісінктеме берді.
«Аталған бейнежазбадағы құқық бұзушылыққа жол берген 1987 жылы туған ер адамға қатысты бұзақылық дерегімен хаттама толтырылған. Сот шешімімен оған 78 640 теңге айыппұл салынған», - делінген хабарламада.
Бейнежазбаға пікір қалдырған желі қолданушысы оқиғаның куәгері болғанын жазды.
«Мен араша болып қастарына бардым, «менің әйелім, өзім білем» деп ішіп алған еркексымақ маған әкіреңдеп, атылды. Мынаның екі досы болды қасында, соққанда қарап тұрды, еркектер ез болып кеткен ғой, негізі. Полиция шақырамын дегенде қорыққандары әлі көз алдымда. Үйге келіп полиция шақырып мына келіншектің аман қалуына себепші болдым деп ойлаймын», - деп жазған Lady.assem атты желі қолданушысы.
Соңғы жаңалықтар





