Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиіне ерекше есім берді

Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиіне ерекше есім берді
әлеуметтік желі

Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова өз сәбиіне қойған есімді жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

“Қағаров Санат Сәкенұлы", – деп жазды желі жұлдызы. 

Сондай-ақ актриса "Санат" есімінің бір мағынасы "үйлесім", "жарасымдылық" екенін түсіндірді. 

"Оның әрдайым үйлесімде болғанын қалаймын. Менің айналамда есімінде екі немесе төрт дауысты әрпі бар адамдар көп. Бұл жай сәйкестік деп ойламаймын, өзіңіз қараңызшы: анамның аты – Жанар, ұлым – Назар, күйеуім – Сәкен, енді міне – Санат", — деп жазды Айжұлдыз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу