Айжұлдыз Адайбекова қызойнақта не істегенін көрсетті

Қазақстандық актриса әрі дизайнер, танымал өнер иесі Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова үйлену тойына дайындық аясында көрікті табиғат аясында қызойнақ өткізді, деп деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Шара ғажайып ертегі әлемін еске салатын стильде өтті: тау бөктері, көк майса, таза ауа, ерекше безендірілген шағын үйшіктер, жақын құрбылар, түрлі дәмдер, ойындар мен шат күлкіге толы әсерлі сәттер — бұл күн Айжұлдыз үшін ұмытылмас болып қалды.
Жақында экстремал-блогер Сәкен Қағаровпен некесін заңды түрде тіркеген Айжұлдыз бұл күнді өміріндегі ең жарқын сәттердің бірі ретінде атап өтті.
Бұл — менің өмірімдегі ең керемет қызойнақ болды, — деді ол әлеуметтік желідегі жазбасында.
Фотолардан байқауға болады, қалыңдық пен оның құрбылары жылы әрі жайлы киінген. Айжұлдыздың образының басты ерекшелігі — дәстүрлі ақ фата болды.
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова биыл жылдың басында мұсылмандық салтпен тұрмысқа шыққан болатын.
Соңғы жаңалықтар





