Айжұлдыз Адайбековаға күйеуі 1 айдың ішінде пәтер сыйлады

Айжұлдыз Адайбековаға күйеуі 1 айдың ішінде пәтер сыйлады
19.05.2025 20:01
0
107
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Белгілі қазақстандық актриса Айжұлдыз Адайбекова – әнші әрі актриса Жанар Айжанованың қызы – жақында тұрмысқа шыққан болатын. Енді ол жаңа қуанышымен бөлісті: күйеуі, экстрим-блогер Сәкен Қағаров сүйіктісіне Алматының қақ ортасынан пәтер сыйлады, деп хабарлайды деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл туралы Сәкен өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Менің тәтті бөлкемнің сыйлығы – пәтер. Енді Алматының орталығында жайлы ұямызды құрамыз!» – деп жазды ол.

Жарияланған бейнежазбадан Айжұлдыз бен Сәкеннің кең әрі жарық пәтерде жүрген сәтін көруге болады. Енді жас жұбайларға жөндеу жұмыстарын бастап, жаңа баспаналарында қоныс той тойлау қалды.

Айжұлдыздың әріптестері мен оқырмандары жас жұпты жылы лебіздермен құттықтап жатыр:

«Ура! Құтты болсын. Айжу, жаным, сен бұған лайықтысың! Сәкеша – нағыз ер азамат!», «Сөзсіз және пафоссыз!», «Міне, нағыз жігіт осындай болады – ешқандай даңғаза жоқ, сүйіп, үндемей істейді», «Махаббаттарың мықты болсын!», «Бұл пәтер сендерге көп бақыт пен қуаныш әкелсін! Үлкен жетістіктер тілеймін!»

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий