Айжұлдыз Адайбекованың ұзатуындағы көйлегі көптің талқысына түсті

Айжұлдыз Адайбекованың ұзатуындағы көйлегі көптің талқысына түсті
25.04.2025 09:48
0
73
коллаж Sn.kz

Әнші әрі актриса Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова өз өмірінің жаңа кезеңіне қадам басты – ол сүйіктісі, блогер Сәкен Қағаровқа ұзатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Айжұлдыздың ұзату тойы сән-салтанатымен, ерекшелігімен есте қалды. Кештің атауы да көпшіліктің назарын аударды – қалыңдық оны «Айжұлдыз бата алу тойы» деп атаған. Бұл атау дәстүр мен заманауи көзқарастың үйлесімін білдіретін ерекше шешім болды. Ұзату тойында Айжұлдыз киген көйлек те әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Оның стильді әрі батыл образы көпшіліктің назарын аударып, түрлі пікір тудырды.

Дүбірлі тойда отандық өнер жұлдыздары да бой көрсетті. Олардың арасында әнші жұп Мирас пен Құралай, эстрада әншісі Асхат Тарғын, продюсер Жан Мұқанов секілді танымал тұлғалар болды. Қонақтар жас жұпқа ақ тілектерін жаудырып, қуанышты сәттің куәсі болды.

Желі қолданушылары Айжұлдыз бен Сәкенге өмір жолдарында бақыт пен үйлесім тіледі. Қос жүректің табысуы мен ұлттық дәстүрді дәріптеген бұл шара көпшілікке үлгі боларлықтай әсер қалдырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий