"Аз ғана уақыт қалды": Қарақат Әбілдина жаңалығын айтты
Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы концерттері туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі еліміздің бірнеше қаласын аралап, көрерменмен қауышқанын айтты. Оның сөзінше, гастрольдік сапарлар аншлагпен өтіп, халықтың ыстық ықыласына бөленген.
«Ұзақ ән сапардан енді ғана оралып жатырмыз. Бір қаладан бір қалаға асығып жүріп, осы концертке арнайы дайындалуға да уақыт тапшы болды. Есімізді жиып, балаларымызға соғуға мұрша болмай, Алматыдан бір-ақ шықтық… Концерт беру – үлкен жауапкершілік», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ ол қазір бар күш-жігерін бас қалада өтетін концертке дайындыққа бағыттап жатқанын жеткізді.
«Шүкір, еліміздің барлық қаласында өткен концерттеріміз аншлагпен, үлкен ықыласпен өтті. Сол сенім мен қолдауды енді Алматы мен Астана көрерменінен күтеміз. Сағынысып қауышатын, бірге ән шырқап, бірге қуанатын күнге аз ғана уақыт қалды», – деді Қарақат Әбілдина.
Желі қолданушылары әншіге шығармашылық табыс тілеп, алдағы концерттерін асыға күтетіндерін жазуда.
Соңғы жаңалықтар