Қазақ бөлімінде оқитын студенттерге қазақ тілінде сабақ оқытпай жатыр
302
Студенттерден шағымдар келуде. Бұл жолы мәселе балалар құқығының бұзылуына байланысты болып тұр. Студенттерге өздері таңдаған қазақ тілінде сабақ беруден бас тартты,-деп хабарлайды politico.kz
ҚазҰУ-де механика-математика факультетінің қазақ бөлімінде оқитын 3-ші курс студенттеріне орыс тілінде сабақ береді. Қайта тапсыра алмайтын бір ғана пән бар (жазғы мектеп). Оғсн себеп деканат қазақ тілді мұғалім жоқ деп отыр. Бірақ енді студенттер қара тізімге ілініп, дұрыс балағаланбауда. Силлабус бойынша максималды балл 100, бірақ оларға 60-70 ұсынып, одан жоғары балл алу мүмкін еместігін айтады. Олар 70-бал алып, тыныш өмір сүру керек еді деп ойлайтын шығарсыз, бірақ оларға қалыпты баға қойылмағандықтан, GPA төмендейді және де олар 4-ші курстан өте алмайды. Сондықтан көп ақша төлеуге тура келеді.Бірақ грант алушы студенттер ақшаны қайдан аларын білмейді. Олар мұның бәрі студенттерден ақшаны алудың амалы екеніне сенімді. Бұның бәрі, бәлкім, оларға өз ана тілінде оқытылатын болса, болмас еді. ҚазҰУ, мәселені қалай шешесіз? Егер сіз кенеттен механика және математика пәнінің мұғалімі болсаңыз және қазақ тілінде сабақ бере алсаңыз, бірақ пән: “Теория меры и Интеграл Лебега” деп аталса… Сіздерге тіпті кадрмен көмек ұсынса да қабылдамайтын секілдісіздер. Дереккөз: qumash_білімСоңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...