Қазақ депутат XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы президиумын мүше болды
577
Қытайдағы ұлты қазақ депутаттар елдің маңызды саяси оқиғасы - XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының екінші сессиясы және Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитеті жиналысына қатысты.
Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 60 адамнан тұратын Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық (ШҰАА) өлкесі делегациясы 11 ұлттың өкілінен құралған. Тізімінде ұлты қазақ 5 өкілдің есімі кірген. Олар: Гұлмира Дәулет, Ершат Тұрсынбай, Сарқыт Ақан, Айдын Толқын және Зоя Бахыт.
Айта кетерлігі, қандасымыз Сарқыт Ақан XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының екінші сессиясы президиумының мүшесі болып сайланды.
Сондай-ақ, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитеті жиналысына қытайлық қандасымыз Нұрлан Абдулмажин және Қадырбек Қамза қатысып жатқаны белгілі болды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...