Қазақстан мұнай өндіруді азайтады
689
ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан алдағы айларда мұнайдың артық өндірілуінің орнын толтыратынын және ОПЕК+ аясындағы өндірістік міндеттемелерін орындайтынын мәлімдеді.
Қазақстан 2024 жылы ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Бұл ретте республика 2024 жылдың қаңтарында ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелердің асып кетуін төрт ай ішінде өтейді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.
«2024 жылдың қаңтарындағы міндеттемелерден асып кеткеніне қарамастан, Қазақстан алдағы төрт айда артық өндірудің орнын толтырады және 2023 жылғы 4 маусымда өткен ОПЕК+ министрлерінің 35-ші кездесуінде келісілген өндірістік міндеттемелерін, сондай-ақ кейбір елдер қабылдаған қосымша ерікті міндеттемелерді орындауды жалғастырады. ОПЕК және ОПЕК-ке кірмейтін елдер 2023 жылдың сәуірінде және одан кейінгі келісімдер 2023 жылдың қарашасында 2024 жылдың ақпан және наурыз айларында қабылданған», - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
10:10
Каспийдегі қайғылы оқиға: қызметіне салғырт қар...
25.09.2026
09:57
«Күзде оқу-жаттығу өткізуге болмайды»: Әскери с...
25.09.2026
09:26
Назарбаев қаза тапқан әскерилердің отбасы мен ж...
25.09.2026
09:09
Тоқаев Путинге ризашылығын білдірді
25.09.2026
08:36
Каспийде мерт болған әскеридің бірі белгілі сам...
25.09.2026
08:15
Каспийдегі трагедия екі бап бойынша тергеліп жатыр