ҚАЗАҚСТАН МЕН ГЕРМАНИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ
Қазақстан мен Германия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтады. Берлинде бірлескен жобаларды қаржыландыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы мен үкіметаралық кездесу өтті. Қазақстандық делегацияны Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бастап барды. Қазақстан Германия үшін Орталық Азиядағы жетекші серістес. Неміс компанияларының 90 пайызы шикізаттық емес салада. Мәліметке сүйенсек, былтырғы екіжақты сауда көлемі 9 млрд еуроға жуықтады. Ортақ жобаларды қаржыландыру бойынша бұл екінші отырыс. Қос мемлекет өнеркәсіп, энергетика, транспорт, логистика және «жасыл» жобалар бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Осы күні Берлинде неміс компанияларының басшыларымен де дөңгелек үстел өтіп, біздің елге инвестиция салудың тиімді шарттары мен артықшылықтары айтылды. Йорг Бонгартц, «Deutsche Bank AG» Орталық және Шығыс Еуропа бойынша атқарушы директоры: - Неміс инвесторлары Қазақстанмен жұмыс істесуге қызығып отыр. Осы кездесуде жасыл сутегіге қатысты жобалалар туралы көп әңгіме қозғалды. «Дойче банк» ұзақ жылдардан бері көптеген жобаларды әртүрлі әдіспен қаржыландырып келеді. Біз Қазақстанның Даму банкімен тығыз байланыстамыз. Қазақстанның инфрақұрылымдық жобалары да біз үшін тартымды. Ботагөз Әбішева, «Байтерек» ҰБХ" басқармасы төрағасының орынбасары: - Қаржы институттары Германия мен Қазақстан компанияларының арасындағы жобаларды қаржыландыруға дайын екенін жеткізді. Екіжақты келісімдердің көлемін арттыру туралы ұсыныс айтылды. Өте пайдалы кездесу өтті деп ойлаймын. Хайнрих Керстгенс, Rhenus Logistics компаниясы арнайы жобаларының өкілі: - Маңызды бас қосу болды. Бізге қажет ақпаратты министрдің өз аузынан естідік. Экономиканы әртараптыру басты тақырыпқа айналды. Әсіресе Қазақстан тарапынан шикізаттың орнына дайын өнімдерді жеткізу мәселесіне баса мән берілді. Біздің сіздердің елде 2 кеңсеміз бар. Қазақстан - әлеуеті өте үлкен ел. Үкіметаралық жұмыс тобының 14-ші отырысына саясаткерлер, кәсіпкерлер, тиісті министрлердің өкілдері мен сарапшылар жиналды. Тараптар ауыл және су шаруашылығы, экология, инфрақұрылым, білім және ғылым бойынша бірлескен жұмыс барысын талқылады. Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі: - Біз Германия мен Қазақстан арасында өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту бойынша өте өзекті мәселелерді талқыладық. Неміс тарапы баламалы энергетикаға үлкен мән беріп отыр. Ең бастысы, Германия жағы Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық серіктес ретінде бағалайды. Бір апта бұрын Германияның ғылым және саясат қоры біздің елді бірінші рет «орташа державалар» қатарына қосқан еді. Яғни саяси-экономикалық бағытта Қазақстанның салмағы арта түскен.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2024
09:39
Қазақстанның тәуелсіздік алғаны
12.12.2024
09:27
Полиция Шерзат Полаттың үйін өртеген адамдарды ...
12.12.2024
09:10
2025 Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен т...
11.12.2024
21:21
Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кет...
11.12.2024
20:19
Марқұм Нұрқанат туралы тың деректер шықты
11.12.2024
19:48
Жаңа адамдар Бағлан Әбдірайымовқа өзімен жұмыс ...