Қазақстандағы әрбір алтыншы жүктілік абортпен аяқталады
464
Елімізде жасөспірімдер арасында босану мен түсік жасату, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ана мен бала өлімі фактілері жиі орын алуда,-деп хабарлайды politico.kz
Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Парламентаризм Институты директорының орынбасары Ләззат Сүлеймен айтты. Сарапшылардың пікірінше қалада да, ауылда да тұратын қазақстандық әйелдердің репродуктивті мінез-құлқының қазіргі тенденциялары бірдей. Олар жастарға аз балалы болуға артықшылық беру, балалардың жасы ұлғайған сайын туылуы, жас әйелдердің жүктілігін жиі жасанды түрде тоқтату болып табылады.Елімізде 18 жасқа дейінгі балалар саны 7 миллионды құрайды. Оның ішінде ұлдар- 51,3%, қыздардың үлесі - 48,7%-ды көрсетіп отыр. Аталмыш тенденциялар бедеулік, туылатын балаларда әртүрлі аурулар секілді ауыр зардаптарға әкеледі. Мұндай мәселелер жасөспірім қыздар мен әйелдердің репродуктивті мінез-құлқының барлық факторлары мен ерекшеліктерін зерттеуді қажет етеді,-дейді Ләззат Сүлеймен.Расымен дәрігерлер әйелдер арасында онкологиялық аурулардың өсуі байқалатынын айтады. Сондай-ақ соңғы жылдары жатыр мойны обыры және сүт безі обырымен ауыратын науқастардың саны артқан.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...