Қазақстандық авиакомпаниялар геосаяси жағдайға байланысты ұшу кестесін қайта қарауда
379
Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Иранның Израиль аумағындағы шабуылына байланысты қазақстандық әйе рейстері кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін айтуда.
Атап айтқанда, Air Astana әуекомпаниясының Астана-Дубай бағыты бойынша КС-205 және Алматы-Дубай бағыты бойынша КС-897 рейстері бүгін Астана уақыты бойынша сағат 15.00-де ұшады. Qatar Airways әуекомпаниясының 13 және 14 сәуірде орындалуы жоспарланған Доха-Алматы-Доха бағыты бойынша QR-389/390 QR-391/392 рейстері белгісіз уақытқа дейін шегерілді.«Иран, Ирак, Иордания, Ливан, Израиль, Мысыр және Сирияның күрделі саяси жағдайына байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазіргі ахуалға төнген қатер дәрежесіне бағалау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық авиакомпанияларға осы елдердің әуе кеңістігін пайдалану ұсынылмайды. Қазіргі уақытта қазақстандық авиакомпаниялар жоғарыда аталған елдердің әуе кеңістігін айналып өту мақсатында рейстер кестесін қайта қарауда. Компаниялар жағдайды мұқият қадағалап отыр және қажет болған жағдайда өз кестелеріне өзгерістер енгізеді», - деп хабарлады комитет.
«Қазіргі уақытта авиакомпания рейстерді орындау бағытын өзгерту мәселесін қарастыруда. Жолаушыларға қолданыстағы заңнамада көзделген қызметтер көрсетіледі. Жолаушылар рейстер мәртебесін ресми сайттарда немесе авиакомпаниялардың байланыс орталықтары арқылы бақылауы керек. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – азаматтық авиация саласы үшін маңызды басымдық», - дейді комитет.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...