Әзербайжан министрі қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

Әзербайжан министрі қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
06.01.2025 09:26
0
155
ҚР ТЖМ
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін қазақстандық құтқарушылар марапатталды

Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі Камаледдин Гейдаров Ақтау маңындағы ұшақ апатында жұмыс істеген қазақстандық құтқарушыларды марапаттады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Министр қазақстандық мамандарға арнайы «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісін табыстады. Марапат алған құтқарушылардың қатарында:

  • Азамат Сейталин,
  • Тимур Аминов,
  • Қани Айдаров,
  • Саясат Қараев,
  • Мәжит Кенжеғалиев,
  • Азымбек Күлханов,
  • Ербол Кузьмабаев,
  • Наурызбек Мендібаев,
  • Ардақ Нұғыманов,
  • Айман Тілеубергенова.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Баку – Грозный бағытында ұшқан AZAL әуе компаниясының ұшағы Ақтаудан бірнеше шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан және Қазақстаннан 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты, оның ішінде 6 қазақстандық бар. Ал тірі қалғандар саны 29, оның ішінде екі бортсерік бар.

26 желтоқсанда Маңғыстау облысының прокуроры Абылайбек Ордабаев ұшақ апаты орнынан екі қара жәшік табылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или