Әзербайжанда туыстар арасындағы некеге тыйым салынғаннан кейін үйлену күрт азайған

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Әзербайжанда ортақ биологиялық ата-әжесі бар ағайындының балаларының некеге тұруына тыйым салынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл тыйым енгізілгеннен кейін некеге қию саны азайған. Мәселен, қаңтарда 4 717 неке тіркелсе, ақпанда – 3 024, наурызда – 3 465, сәуірде – 3 747, мамырда – 4 830, маусымда – 5 032, ал шілдеде небәрі 2 694 неке ғана тіркелген.
Социолог Узеиір Шафиевтің айтуынша, туыстар арасындағы некеге тыйым үйлену тойларының санына айтарлықтай әсер еткен. Оның айтуынша, тағы бір себеп – жастардың отбасы институтына деген қызығушылығының төмендеуі.
Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Әділет министрлігінің тіркеу бөлімшелері 12 146 ажырасуды тіркеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 1 000 адамға шаққандағы ажырасу көрсеткіші 2,1-ден 2,0-ге төмендеген.
Соңғы жаңалықтар





