«Ажырасып кетпесе болғаны»: Кәмшат Жолдыбаева орамалын шешіп ел алдына шықты

«Ажырасып кетпесе болғаны»: Кәмшат Жолдыбаева орамалын шешіп ел алдына шықты
13.06.2025 10:30
0
506
коллаж Sn.kz

Танымал актриса Кәмшат Жолдыбаева хиджабын шешіп, тағы да елдің қызу талқысына түсті. Актриса өзінің жаңа образын желідегі парақшасында жариялады. Онда оның орамалы мен хиджабын шешкенін анық байқауға болады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

"Мақсаттың ауқымдылығы біреуді шабыттандырса , біреуді керісінше кері шегіндіреді... Ал күнделікті кішкентай қадамдар өркендеуіміздің бірден бір жолы", деп жазды Жолдыбаева. 

Желі қолданушылары актрисаның бұл әрекетін қызу талқылап жатыр. Олардың бірі оның күйеуімен ажырасты деп болжаса, енді бірі хиджабын шешкеніне қуанған.

"Апамыз орамалын шешіпті ғой", "Сұлусың, осылай көрініп тұршы", "Осылай еркін болып сұлулығыңызды паш етіп жарқырап жүріңіз", "Орамал таға салу, шеше салу сән ғой бұларға", "Орамалға келу бір күш, шешу де бір күш, біреуге оңай көрінгенмен", "Күйеуімен ажырасып кетпесе болғаны", - деді олар. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий