«Ажырасып кеттік»: Дариға Бадықованың күйеуі тосын мәлімдеме жасады

Танымал актриса Дариға Бадықованың жұбайы, актер Дархан Мұсаев көпшілікті елең еткізген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ, Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Театр актеры жеке өміріне қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Құрметті, ағайын! Елдің аузында жүрген сұрақтың сауалына бүгін жауап беремін деп шештім. 2008 жылдың 11-тамызында Дариға Бадықовамен заңды некеге тұрдық. 16 жыл бірге ерлі-зайыпты ретінде отбасылы өмір сүрдік. 2024 жылдың күз айында заңды некені бұзу туралы өтініш жазып, ажырасып кеттік. Бүгінгі таңда мені Дариға Бадықовамен өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмайды», - деп жазды актер.
Актердің бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікір туғызды.
«Неге 16 жылдан кейін ажырасқан екен?», «Олжас пен Дариға жасырып жүр еді, күйеуі ашып қойды», «Бала-шағасы бар ма екен?», «Экс күйеуі құпиясын жария етіп қойды ма?», «Қаншама жыл бірге өмір сүріп, ажырасу оңай емес», - деп жазды көпшілік.
Соңғы жаңалықтар





