Азық-түлік корпорациясы мұқтаж фермерлерге 200 мың тонна тұқым таратуға міндеттелді
412
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Азық-түлік корпорациясын өз қорынан 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық кредит ретінде таратуға міндеттеді.
Премьер-министр елдегі климатқа төзімді, шығарылатын отандық тұқым қорының көлемін ұлғайту қажеттігін еске салды.«Сапалы тұқым қоры мен тұқым импортына тәуелділік бойынша да проблемалар жеткілікті. Әсіресе, бұл ұсақ және орта шаруашылықтар үшін өзекті болып отыр. Фермерлер жақсы тұқымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып, шағымданады. Азық-түлік корпорациясы жинақталған қордан кемінде 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық кредит түрінде бөлуі керек», - деді ол.
Айтуынша, Қаржы, Экономика, Өнеркәсіп, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер фермерлерді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету және қаржыландыру мәселесін шешуі қажет.«Агротехнологиялық талаптардың сақталмауы да өнімнің көлемі мен сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Ең алдымен, бұл – минералды тыңайтқыштардың, пестицидтер мен өсімдіктерді қорғайтын басқа да құралдардың қажетті мөлшерін қолдануға қатысты мәселе. Бізде өткен жылы тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми қажеттіліктің небәрі 21%-ын ғана құрады», - деді Олжас Бектенов.
«Бұл топырақтың тозуынан, алқаптардағы арамшөптерден болатын шығындарды да айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді», - деді Үкімет басшысы.
Соңғы жаңалықтар
19.04.2026
09:04
Маңғыстауда нөсер жауын салдарынан жүзге жуық ж...
18.04.2026
17:30
Қарағандыда көз жұмған бала: Денсаулық сақтау м...
18.04.2026
16:45
«Valentino туфлиі бар, аппарат жоқ»: Қарағандыд...
18.04.2026
16:19
Алматыда Әл-Фарабида жарыс ұйымдастырғандар қол...
18.04.2026
15:17
Маңғыстауда “директордың баласы” басқа балалард...
18.04.2026
14:15
Елде алаяқтықпен күреске бағытталған жаңа құрыл...