Бала күтуші сәбидің жылағанынан шаршап, құбыр тазалайтын сұйықтық берген

Бала күтуші сәбидің жылағанынан шаршап, құбыр тазалайтын сұйықтық берген
01.04.2025 09:05
0
72
pixabay.com

Францияның Лион қаласындағы жекеменшік балабақшада 11 айлық қызды құбыр ашатын сұйықтықпен улаған бала күтуші сот алдында жауап беріп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ Oxu.Az сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2023 жылдың маусым айында орын алған. 27 жастағы күтуші жылаған сәбиді тыныштандырмақ болып, оған көп мөлшерде "Destop" атты құбыр тазалағыш химиялық сұйықтық ішкізген. Бұл зат ішкі органдардың күйіп, ауыр зақымдануына әкеліп, дәрігерлер қыз баланы құтқара алмады. Қайтыс болған сәбидің аты – Лиза.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті балалармен жұмыс істеуге қажетті біліктілікке ие болғанымен, психикалық ауытқуы мен мифомания (шамадан тыс өтірік айтуға бейімділік) диагнозы бар екені анықталған. Әйел сол күні балалармен жалғыз қалғанын, өзіне шамадан тыс жүктеме мен шаршау әсер еткенін айтқан.

Аталған балабақша қызметкерлердің созылмалы тапшылығына ұшыраған мекемелердің бірі болған. Ал күдікті бұл жерде небәрі бірнеше апта жұмыс істегенімен, балалармен жұмыс тәжірибесі 10 жылдан асады.

Қазір ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий