"Бала туғандарыңды міндетсінбеңдер": Белгілі блогер көпбалалы аналарды сынға алды
Блогер Мөлдір Анарбаева көпбалалы әйелдерді сынап, Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырды.
«Жау шаптыра бермей жап-жас аналар, ойланыңдар! Бәле іздеп, көштен бөлініп, 5-6 ау туғандарыңды міндетсінбеңдер! Ұят болады! Қайта жастар өмірге құштар болмай ма?!
Шеттей бала-шағаны шуатып әкімшілікке шүйлігіп жүретіндер де көп! Әкімнен тудың ба?! Көп балалы болсаң құдайға рахмет айт! Жетеді! Ешкімнің өмір сүргені ешкімге міндет емес!
Баланы тудың ба, жеткізу тікелей ата-ананың міндеті. Қатарынан қалдырма! Талпын! Өзіңнен-өзің қоғамға өкпелейсің, ертең сол қоғамға өкпелі ұрпақ өсіріп шығасың!
Аяқ-қолың сау ма, мына қоғамда жұмыс жоқ деген жалқаудың сөзі. Далаға шық! Өз үйіңді қоғамнан бөлшектеме! Жау іздеме! Жұртпен аралас! Балаңды өз үңгіріңе тықпа! Өзіңе қиып балаңды сүмірейтіп қойма! Талай бәлеқордың күндіз жұрпен, билікпен қырлысып кешке кафеде асыр салып, бес қатынмен билеп жүргенін де көрдік", - деді блогер.
Сондай-ақ,блогер үйде отырған аналар тым жалқау болып алғанын айтады.
"Сосын өң қатын болып кафелете бергенді қойсаңдаршы! Не пәле?! Не бітпейтін әңгіме?! Сырттан тамақ ішіп жырпыңдап кафеден шықпайтын қатынның іші қуыс, өзі салақ(тек бетін бояп алған) үйінде береке жоқ, негізі аш адам! Түк көрмеген, үйінің қызығын тауысқан адам!
Ара-тұра құдайдың жөні, күнара қаңғыған қатынға бәле жұғады. Әй, балаң не жеп отыр, сабағы қалай, сотка шұқып отырған жоқ па, деген уайым бар ма?! Біреу сенің балаңды қарық қыла ма?!
Кеше туып бүгін көше кезгендер де көп. Айналайын ау 40 күн шыдасаң қайтеді?! Өзің әлсізсің, нәрестең қатайған жоқ өлдің ба?! Қазақ бекерге қырық күн күтіндірмейді. Жалмаңдай бермеңдерші», — деп блогер қатаң сынға алды.
Соңғы жаңалықтар





