«Балалар жарысқа бара жатқан»: Түркістанда жантүршігерлік апаттан 3 жасөспірім көз жұмды
22 сәуір күні Түркістан облысында Арыс–Шардара тасжолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан үш жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар волейболдан жарысқа бара жатқан. Оларды жаттықтырушы өз көлігімен (Chevrolet Cobalt) Мақтаарал ауданынан алып шыққан. Апат кезінде көлікте бірнеше тәрбиеленуші болған.
Қайғылы жағдайдан жаттықтырушы мен тағы бір оқушы тірі қалғанымен, екеуі де ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Түркістан облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша екі бағытта қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады: Өліммен аяқталған жол апаты; Балалардың өмірі мен қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпеу дерегі.
Сондай-ақ, балалардың тасымалы туралы полицияға алдын ала хабарланбағаны анықталды. Жүк көлігінің жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар