"Балаларым бір-бірімен араласпайды": танымал актер үлкен өкінішін айтты

05.09.2025 12:10
0
348
видеодан алынған кадр

Актер Рахман Омар журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында өмірдегі үлкен өкінішін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Рахман Омар өзінің екі рет үйленгенін жасырмады. 

"Бір әттеген-айы бірінші некеден және екінші некеден туған балалары бір-бірімен араласпайды. Бірақ менімен араласады. Балалық эгоизм болады ғой. Қызғаныш бар шығар. Араласпай-ақ қояйықшы деді. Уақыт керек. Өзім асабамын, талай той басқарып жүрмін. Біз сияқты араласпай жүрген, кейін жақындасып кеткен көп отбасыны білемін. Сондықтан үмітсіз шайтан. Құдай қаласы ол күнге де жетерміз", - деді ол. 

Сонымен қатар тұңғышының өз отауын тіккенін де айта кетті.

"Үлкенім 28-де, екіншім 25 жаста. Одан кейінгі ұлым 10-сыныпқа көшті. Құдай берген 5 ұл, бір қызым бар. Алты баланың әкесімін. Тұңғыш ұлым үйленді. Қайын ата болып үлгердім, бірақ әлі ата болған жоқпын. Жастар асықпайды екен. Өздерінің философиялары бар", - деп таңғалды актер. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий