"Балаларын өлтірмеген": 20 жыл түрмеде жазықсыз отырған әйелдің оқиғасы елді жылатты

17.08.2025 12:55
0
1236
Associated Press

Австралияда төрт баласының өліміне байланысты 2003 жылы қате айыппен 20 жылға жуық түрмеде отырған 58 жастағы Кэтлин Фолбигке билік 2 миллион австралиялық доллар (шамамен 700 млн теңге) көлемінде өтемақы ұсынды. Ол 2023 жылы жаңа ғылыми деректердің негізінде кешірім беру арқылы бостандыққа шыққан болатын.

Фолбиг 1989–1999 жылдар аралығында бірінен соң бірі қайтыс болған төрт баласын тұншықтырып өлтірді деп айыпталған. Алайда кейінгі тергеулер олардың өліміне генетикалық мутация немесе табиғи себептер әсер етуі мүмкін екенін анықтаған. Бастапқыда оған 40 жыл түрме жазасы кесіліп, кейін 30 жылға қысқартылған.

Фолбигтің адвокаты Рани Рего ұсынылған өтемақыны «моральдық тұрғыдан қорлау» деп атап, сома мөлшері әділетсіз әрі этикалық тұрғыда қабылдауға келмейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, өтемақының қалай есептелгенін анықтау үшін тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етті. Қорғаушының айтуынша, Кэтлин тек балаларынан емес, өмірінің 20 жылынан айырылып, әлі күнге дейін психологиялық жарақаттың салдарын сезініп жүр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий