Балаларын улап өлтіргісі келді: Атырауда тағы бір әйелдің сұмдығы әшкере болды

Атырау қаласында бұрынғы енесі келінін ата-ана құқығынан айыруды талап етіп, даулы жағдай қоғам назарын аудартты, деп хабарлайды POLITICO.KZ alash.kz сайтына сілтеме жасап.
Желіде тараған видеода екі баланың анасы енесіне қатқыл сөйлеп жатқаны анық көрінеді. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғамның алаңдаушылығын туғызды. Жәбірленуші тарап – Жұмағалиева Рая 2023 жылдың маусым айында келіні Садықова Ақмаралдың ата-ана құқығын шектеуді және алимент өндіруді сұрап сотқа жүгінген. Ол бұл қадамға 2015 жылы туған Садық Саид пен 2022 жылы туған Садық Ибрахим есімді немерелерінің құқықтарын қорғау мақсатында барғанын алға тартады.
Блогер Рүстем Баязиевтің мәліметінше, Жұмағалиева экс-келіні тарапынан балаларға бірнеше рет зорлық-зомбылық көрсетілгенін айтып, нақты оқиғалар келтірген. Оның айтуынша, Ақмарал газды әдейі қосып қойып, өз балаларын улауға әрекеттенген, сондай-ақ жаңа туған сәбиін ыстық суға күйдіріп, денсаулығына қасақана зиян келтірген. Бұл мәліметтер қоғамды алаңдатып, Баязиев аталған істі ҚР Бас прокуратурасының жіті бақылауына алуды талап етті. Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты құқық қорғау органдарының іс-әрекеті мен сот шешімі жұртшылық назарында тұр.
Соңғы жаңалықтар





