«Балаларының көзінше ұрған»: Түркістан облысында ер адам әйелін ұрып, қоқан-лоқы көрсеткен

«Балаларының көзінше ұрған»: Түркістан облысында ер адам әйелін ұрып, қоқан-лоқы көрсеткен
Ашық дереккөз

Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында ер адам әйелін балаларының көзінше ұрып-соққан деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға туралы жәбірленушінің туысы әлеуметтік желіде айтып, әйелдің соққыға жығылғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, ер адамның әрекетінен кейін әйел зардап шеккен.

Сонымен қатар туысы ер адам әйелінің атына 2 миллион теңге көлемінде несие рәсімдегенін және оған әлі де қоқан-лоқы көрсетіп жүргенін алға тартты.

Жәбірленушінің жақындары Түркістан облысының Полиция департаментінен оқиғаны бақылауға алып, жағдайдың барлық мән-жайын анықтауды сұрап отыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу