«Баламды тепкілеп өлтірген»: 18 жастағы студентті өлтірді деген күдіктілердің бірі полиция қызметкері
Астанада 18 жастағы студенттің өліміне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында түнгі клуб маңында болған. Айыпталушылардың бірі қылмыс кезінде құқық қорғау органдарында қызмет еткен.
Марқұм Әди Чүкеев 24 желтоқсанда 18 жасқа толған. Алайда араға үш күн салып, 27 желтоқсанда оның өмірі қиылды. Анасының айтуынша, жас жігіт ауыр соққыдан миына қан құйылып, жүрегі тоқтаған. Қаза тапқан студенттің анасы Толқын Чүкеева болған жайтты «аса қатыгездік» деп бағалады.
«Оны екі жағынан ұрып, тепкілеген. Бұл жай төбелес емес, адамды аяусыз өлтіру», – дейді ол.
Іс бойынша сот алдында екі адам жауап беріп жатыр. Алғашқы отырыста айыпталушылар жүздерін көрсетуге тыйым салғандықтан, процесс кейінге шегерілген. Бүгінгі сотта да осындай жағдай қайталанған.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Дамир Ишмаметовтың сөзінше, тергеу мәліметтері мен куәгерлердің айтуы бойынша, күдіктілер мас күйде болған.
«Екі жас жігіт жәбірленушіге дене жарақаттарын салған. Олардың бірі сол кезде құқық қорғау органының қызметкері болған», – деді адвокат.
Соңғы жаңалықтар