“Баланы жол бойымен сүйреп өткен” - Алматыдағы көлік апаты туралы cұмдық дерек шықты

“Баланы жол бойымен сүйреп өткен” - Алматыдағы көлік апаты туралы cұмдық дерек шықты
17.08.2025 11:27
0
413
ашық дереккөз

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 10 тамыз күні жан түршігерлік апат орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.kz сайтына сілтеп.

Анис Кноль есімді 12 жастағы ер бала үйіне қайтып келе жатып, қарақат бұталарының қасына аялдаған сәтте бұрылыстан қатты жылдамдықпен шыққан Range Rover маркалы көлік қағып кеткен. Соққының күші тым қатты болғандықтан, жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

Марқұмның анасы жүргізушінің жылдамдықты ғана асырмай, баланы жол бойымен сүйреп өткенін айтады. Қайғыдан қан жұтқан әйел кінәлі адамды барынша қатаң жазалауды және істің ашық, әділ тергелуін талап етіп отыр.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл деректі растады. Ресми өкіл Салтанат Әзірбектің мәліметінше, қайғылы оқиға күндізгі уақытта Хегай көшесінде болған.

“Range Rover жүргізушісі жол жиегінде тұрған баланы қағып кеткен. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”.

Оқиғаның куәгері, зейнеткер фельдшер баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмағанын айтты. Оның сөзінше, соққыдан кейін бала бірден жан тапсырған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий