"Баланың жынын қағып алу керек": Психолог аутист балалар туралы

Белгілі психолог Мира Ерлан журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, аутист балалар жайлы күтпеген мәлімдеме жасады.
Бұл туралы POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Психолог өз ойымен журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында баяндады.
«Бала өмірге келгеннен кейін ол үйренуге келді. Қазір гипер белсенді балалар деген ұғым бар. СДВГ дейді, қазіргі таңда өте көбейіп кеткен. Екі нәрсе бар, біреуі энергия жетпегеннен, біреуі энергия тасып кеткеннен. Энергия жетпейтіндер ересектер, өйткені энергиясының бәрін болмашы дүниеге жұмсап тастады.
Энергиясы асып кеткендер балалар. Аутизмде кішкене басқа нәрсе бар. «СДВГ» деген ауру бар — «синдром дефицита внимания» дейді, балаға назар жетіспеушілік ауруы. Ол екінің бірінде бар. Алдыға келген балалардың бәрі тауға барып, демалғаннан кейін ғана, үш күннен кейін ғана, қазақ айтпақшы: «Жынын алған бақсыдай» болып келеді. Баланың жынын қағып алу керек.
Ойын, тәнмен жұмыс жасаған кезде баланың өресі өседі. Дұрыс ұйымдастырылған лагерьде 10 күн демалған баланың дамуы күшті болады. Бала физикалық тұрғыда шаршайды, бала интеллектуалдық тұрғыда ешқашан шаршамайды, естеріңізде болсын. Өйткені бала өмірге келгеннен кейін, ол үйренуге келді», — деді психолог.
Соңғы жаңалықтар





