“Балаңыз енді оянбайды”: балабақша тәрбиешісі жантүршігерлік хат жазған

“Балаңыз енді оянбайды”: балабақша тәрбиешісі жантүршігерлік хат жазған
17.03.2025 09:29
0
154
видеодан алынған кадр

Төрт баланың анасы, Мира есімді блогер өз жағдайын әлеуметтік желіде бөлісіп, балабақша тәрбиешісінің атынан келген үрейлі хабарламаларды көрсетті. Бұл оқиға көпшіліктің назарын аударып, ата-аналар арасында алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды POLITICO.KZ azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір күні баласын балабақшадан ертерек алып кетпек болған Мира тәрбиешіге алдын ала жазып, ұйқыдан тұрған соң баласын әкететінін хабарлаған. Алайда күтпеген жерден адам шошырлық жауап алады: «Салим енді қайтып оянбайды. Оны Милана терезеден итеріп жіберді» деген мазмұндағы хабарлама келеді.

Бұл сөздерді оқыған ана бірден балабақша басшылығына және ата-аналар отырған ортақ чатқа жазып, мән-жайды анықтауға тырысады. Кейін бұл жалған хабарламаны алған жалғыз өзі емес екенін біледі.

Белгілі болғандай, алаяқтар басқа ата-аналармен де дәл осындай сценарий бойынша хат алмасқан. Мира өз жазбасында, шынында, топта Милана есімді қыз бар екенін, бірақ оның есімін бейтаныс адамның қайдан білгеніне таңданысын білдіреді. Кейін бұл алаяқтардың анау-мынау емес, басқа ата-аналарға да дәл осындай қорқынышты хабарламалар жібергені анықталады.

Балабақша әкімшілігі тәрбиешінің нөмірін белгісіз біреулер иемденіп, жалған ақпарат таратқанын мәлімдейді. Осы оқиғадан кейін алаяқтардан зардап шеккен ата-аналар саны көбейгені белгілі болды. Мираның айтуынша, оған өзге де аналар ұқсас жағдайға тап болғандарын жазып, бастарынан өткен оқиғаларымен бөліскен.

Қазіргі уақытта алаяқтардың бұл әрекеттен қандай мақсат көздегені белгісіз, себебі ешкімге материалдық залал келтірілмеген. Алайда ата-аналардың жүйкесіне ауыр соққы болғаны анық. Бұл оқиға балабақшадағы қауіпсіздік мәселесін қайта қарауға түрткі болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий