Балқаш маңындағы жол апатынан қаза тапқан балалардың желіде соңғы видеосы тарады (ВИДЕО)

Қарағанды облысында көлікте жеті адам өртеніп кетті.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 шілде Балқаш бағытында келе жатқан Kia Sedona жүргізушісі адам өліміне әкелетін қателік жасаған. Ол жол белгілеріне мән бермей, басқа көлікті басып озды. Көлік жөндеу жүріп жатқан аумаққа ұшып келіп, кейін металл тосқауылға соғылған. Бірнеше секундтан кейін көлік өртенді.
Тек екі адам – жүргізуші мен жолаушылардың бірі шығып үлгерді. Қалған жетеуі көліктен шыға алмай, сол жерде мерт болды. Куәгерлердің айтуынша, көлікте балалар болған. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, көлікте болғандардың көбі - балалар.
Әлеуметтік желіде олардың ән айтып, көңілді келе жатқан бейнежазбасы тарады.
Соңғы жаңалықтар





