"Банк қызметкерлерінің алаяқтыққа тікелей қатысы бар" - Мұрат Әбенов

22.09.2025 13:47
0
138

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов Qasqa Jol  Youtube арнасына сұхбат берді.

Ол банк туралы заңның шикі екенін ерекше атап өтті.

Банктер адамдардың сыртынан жалған кредит алып, қол қоймаса да «қойды» деу көбейіп кетті. Адамдар алаяқтарға өздері алданып қалды деген де өтірік. Бұндай істерде көп жағдайда банк қызметкерінің қатысы бар. Сыбайластары сол банкте отыр деген сөз.  Өткен жылы заң шығарғанда бірнеше ұсыныс айттым. Адамдар смс емес, видео арқылы өзі несие алып жатқанын дәлелдесін дедік, үш банктен бірден кредит алуға қарсы шықтық. Бірақ, оның біреуі қазір қолданыста емес. Сәуір айында мұғалім үйінде декретте отырып, бір күнде үш кредит алады. Ұлттық банкке айттым, бұл қалай? Жұмыс істемейтін адам бір күнде қалай мұнша кредит алды? Бұл президентті алдау ғой...,- деп атап өтті депутат.

Депутат коронавирус кезінде банктер адамдардың орнына өзі қол қоя бастағанын айтады.

Сіздің орныңызда сегіз банк сегіз қол қойып, несиені сегіз жақа жібере беруі мүмкін. Бұған тіпті сіздің қатысыңыз да болмауы мүмкін. Үкімет шынымен алаяқтықты тоқтаттқысы келсе, банктерден кезінде Бағдат Мусин берген осындай құқықты алып тастау керек, - деді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий