Бақыт Тұрман: "Өнерді бағалауда балағаттау мен арына тиетін сөздерге жол берілмеуі тиіс"
Әнші әрі Ж. Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжінің оқытушысы, Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман El.kz порталының El-woman бағдарламасына сұхбат берді. Өнер иесі соңғы уақытта Мөлдір Мұқанның фильміне қатысты пікір білдіргені үшін желіде сынға қалды, деп хабарлайды Politico.kz
Бақыт Тұрман өз пікірін ашық жеткізгенін айтты.
"Мен бұны қателік деп санамаймын. Әр адамның ойы болады. Біз үшін маңыздысы – сахнаның артында болып жатқан іс-әрекет, адамның көңіл-күйі, киім-кешегі емес. Көрерменнің өзі концертке немесе киноға баға береді. Мен көрген ойымды өз парақшама жариялай аламын", – деді ол.
Сондай-ақ, ол өнерді бағалау кез келген адамның құқығы екенін атап өтті:
Балағаттау мен арына тиетін сөздерге жол берілмеуі тиіс. Кез келген көрермен өнерді өз тұрғысынан бағалай алады", – деді Бақыт Тұрман.
Оқырмандар әншінің бұл ашық көзқарасын жылы қабылдап, әр адамның өз пікірін айтуға құқығы бар екеніне назар аударып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...