"Бақытсыз қылып жүргендей". Айнұр Тұрсынбаева желідегі жазбасымен жұртты ойландырып қойды

01.12.2025 15:19 Мөлдір Талғат
0
21
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, жұртқа ой салды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол жазбасы арқылы адамдарға мотивация бергісі келген.

"Бәріміз бір нәрсені өзгерткіміз келеді... Біреу жұмысын өзгерткісі келеді. Біреу мекен-жайын өзгерткісі келеді. Біреу күйеуін, біреу енесін, біреу баласын, біреу келінін, біреу көршісін... Сен күйеуді өзгерте алмайсың! Бірақ оған деген қарым-қатынасты өзгерте аласың. Оған деген көзқарасты өзгерте аласың. Адамдармен арадағы ашуды, ренішті кетіре аласың. Миыңдағы қорқыныш пен уайымды өзгерте аласың. Қашан мені сыйлайды, маған уақыт бөледі деген ожиданиядан құтыла аласың... Шектеу мида! Қорқыныш мида! Уайым мида! Мидағы мазасыздықты өзгерте аласың. Сен өзгермесең айналаңдағы адамдар өзгермейді! Сен өзгермесең проблемаң бітпейді! Айналаңа деген жеккөрінішті көзқарастан құтылмасаң жүрегіңде тыныштық болмайды. Өзіңді-өзің қабылдап, өзіңмен-өзің бақытты болуды үйренбесең айналаң сені бақытсыз қылып жүргендей сезім миыңда қадалып тұрады.. Миыңды босат! Аллаға сенуді үйрен! Қуануды үйрен! Ешкімді тәрбиелеме, ешкімді өзгертпе! Айналаңа махаббат беріп үйренсең керекті махаббаты да, құрметті де былай-ақ табасың... Оқырмандарымды жақсы көремін...", – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий