«Бәрі далаға кетті»: темекімен бата берген Мейрамбек Беспаев қызу талқыға түсті (ФОТО)

24.11.2025 12:38 Айсұлу Мұрат
«Бәрі далаға кетті»: темекімен бата берген Мейрамбек Беспаев қызу талқыға түсті (ФОТО)
0
124
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Мейрамбек Беспаев

Әлеуметтік желіде танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың жас балаға бата берген сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Үстел басында отырған өнер иесі қолын жайып, жас ұлға ақ тілегін айтып отырғаны байқалады.

Алайда пікір қалдырған желі қолданушылары бұл әрекетті «бата емес, жай ғана тілек» деп сынға алды. Сонымен қатар кейбірі әншінің қолын дұрыс жаймағанын атап өтті.

Желі қолданушыларының қатты назарын аударған жайт – үстел үстінде көп темекінің тұруы болды.

«Батаны балаға ма, темекіге беріп жатыр ма?» деп жазған қолданушылар Мейрамбекті қатты сынады.

«Темекіден көп зат жоқ қой, темекілерге тілеп отырған сияқты»,

«Столдың үстінде шылым қойып отыра бере ме?»,

«Қолды қосып жай. Бата емес, тілек айтып отыр. Бұл бата емес, орысша тост сияқты. «Ал алып қояйық» дей салу керек еді»,

«Бата бергенде екі алақанды қосып, жөнді ұстайды. Ал мынадай ашық алақан, алдында темекі мен зажигалка тұрғанда, айтқан бата да далаға кетеді», — деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий