«Бастамай жатып біттім десеңші»: Қабатовтың әйелі фонограмма жайлы пікірін айтты

«Бастамай жатып біттім десеңші»: Қабатовтың әйелі фонограмма жайлы пікірін айтты
23.10.2025 14:41
0
786
Фото: instagram/ moldir.mt

Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқан егер фонограммамен айтуға тыйым салынса, жанды дауыспен ән айтуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әншілікке бет бұрған ол бұған дейін бір жаңа әнін жарыққа шығарған болатын.

«Мен дайындықты бастап кеттім өз басым. Мен де жанды дауыста ән салғым келеді. Жалпы, шағын орындарда өзім жанды дауыста, аспапта ойнай отырып айтып жүрмін», – деді Мөлдір Мұқан.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары оның әншілік қабілетіне күмәнмен қарады.

«Болмаған дауысты қалай шығарады екен?», «Қорқыт – Қобыз» деген ән шыққан, басқа ешкімді тыңдама», «Мен де жанды дауыста айтқым келеді дейді ме? Сонда бұған дейін жанды дауыста айтпаған ба?», «Бастамай жатып біттім десеңші», – деген пікірлер қалдырды оқырмандар.

@revuenews

Елімізде фонограммамен ән айтуға тыйым салынды! 📷 Әншілер бұл заңды қалай қабылдады? 📷 Мөлдір Мұқан мен Ғаділбек Жанай осы тақырыпқа қатысты пікірімен бөлісті!📷 Толығырақ бүгін 17:35-те НТК телеарнасы қосулы болсын! 📷

♬ оригинальный звук - Revue News
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий