«Бастапқыда Төреғалиға жазылған»: қазақстандық композитор Қуандық Рахымға тегін берген әнін тыңдатты

Қазақстандық композитор Марат Балмырза өз шығармашылығынан әншілерге тегін кеткен туындыларын жария етті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оның айтуынша, Қуандық Рахым шырқаған, көпшілікке кеңінен танылған «Сенің күлкіңнен аумайды» әнін ол әншіге тегін берген.
Автордың сөзінше, бұл ән бастапқыда Төреғалидың дауысына арналып жазылған екен. Дегенмен, кейін Қуандық Рахымға бұйырыпты.
Желі қолданушылары композиторды қолдап, кейбір әншілердің ән авторларын көпшілікке таныстырмайтынына қынжылды.
«Ән танымал болғаннан кейін пайдасы тиді ме?» деген сұраққа Балмырза «Жоқ» деп жауап берген. Ал «Неге тегін бердіңіз? Сонша еңбегіңіз зая кеткен жоқ па?» деген сауалға ол:
«Бұрын тым бауырмал болдым, шамадан тыс... Қазір сәл салқынқандырақ қараймын әншілерге. Соған үйреніп жатырмын», – деп түсіндірді.
@baisaqal Сенің күлкіңнен аумайды #композитор #musicproducer #recommendations #рек #рекомендации ♬ original sound - baisaqal
Соңғы жаңалықтар





